«Қайрат» «Жетісумен» өткен кездесуді ірі жеңіспен аяқтады
1 маусым күні футзалдан Қазақстан чемпионатында «Қайрат» пен «Жетісу» арасындағы ширек финалдық сериясының шешуші ойыны өтті.
Серияның бірінші ойыны «Жетісудың» өз алаңында өтіп, алаң иелерінің 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды. Алматыда өткен екінші кездесуде «Қайрат» 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Үшінші ойын да Алматыда өтті – алаң иелері екінші минутта есеп ашып, сәлден соң басымдылықты еселей түскенімен, таймның соңында талдықорғандық команда бір голды қайтарып алды. Екінші таймның ортасында «Қайрат» ойыншылары жиналып, екі минуттың ішінде үш гол соқты. Одан кейін командалар соңғы минуттарда голдармен алмасты.
Нәтижесінде «Қайрат» өз алаңында қатарынан екі кездесуде жеңіп, Қазақстан чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Келесі кезеңде алматылықтар «Атыраумен» кездеседі.
Қазақстан чемпионаты. ¼ финал. 1 маусым
«Қайрат» - «Жетісу» - 2:7
Голдар: Арриета, 2, 27, Эдсон, 11, Оразов, 27, Занотто, 28, Деннис, 39 - Алефф, 19, Досов, 38.
Серия есебі - 2:1
