locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Плей-оффтың алғашқы сенсациясы: «Жетісу» өз алаңында «Қайратты» жеңді

Футзал
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Плей-оффтың алғашқы сенсациясы: «Жетісу» өз алаңында «Қайратты» жеңді
ФОТО: АФК ҚАЙРАТ

Қазақстан чемпионатының футзалдан 1/4 финалындағы алғашқы сенсация тіркелді - «Жетісу» өз алаңында көпжылдық чемпион «Қайратты» 3:2 есебімен жеңді.

27 мамыр күні өткен матчта алаң иелері ойын басынан-ақ шабуылдап, 6-минутта 2:0 есебімен алға шықты. Алғаш болып Досов, артынша Танатұлы көзге түсті. «Қайрат» есепті қысқартқанымен, Аллефтің 26-минуттағы голы шешуші сәтке айналды. Қонақтар тек бір доп айырмасына дейін ғана жақындай алды.

Футзал. Қазақстан чемпионаты. 1/4 финал
«Жетісу» — «Қайрат» — 3:2 (2:1)
Голдар: 1:0 — Досов (5’); 2:0 — Танатұлы (6’); 2:1 — Оразов (19’); 3:1 — Аллеф (26’); 3:2 — Тұрсагұлов (29’)

Осылайша, «Жетісу» серияда алға шықты. Айта кетейік, 1/4 финалдағы ойындар екі жеңіске дейін жалғасады.

Бұған дейін, «Семей» сырт алаңда «Бәйтеректі» 3:0 есебімен жеңіп, серияда алға шыққан болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie