«Қайрат» пен «Жетісу» арасындағы серия теңесті: шешуші матч Алматыда өтеді
Алматының «Қайрат» командасы футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойындағы күтпеген жеңілістен кейін сенімді түрде қарымта қайтарды. Ширек финалдың екінші кездесуінде алматылықтар өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуын» 6:3 есебімен ойсырата жеңді.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ «Қайрат» қарсыласынан басым түсуге бел буды - алты минуттың ішінде қақпаға үш доп тоғытты. Бірінші тайм 4:1 есебімен аяқталды. Екінші таймда «Жетісу» қарсылық танытқанымен, ойын соңғы сәттерде алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Футзал. Қазақстан чемпионаты. 1/4 финал «Қайрат» — «Жетісу» — 6:3 (4:1)
Голдар: Кавальканте, 1 (1:0), Тұрсағұлов, 3 (2:0), Сантос, 6 (3:0), Арриэта, 19 пен. (4:1), Арриэта, 39 (5:3), Оразов, 40 (6:3) — Барбоза, 8 (3:1), Сарбасов, 31 (4:2), Танатұлы, 34 (4:3)
Сериядағы есеп — 1:1
Айта кетейік, бірінші ойында «Қайрат» сенсациялық түрде 2:3 есебімен жеңілген болатын. Жартылай финал жолдамасы үшін шешуші үшінші ойын 1 маусымда Алматыда өтеді.