Генич Чемпиондар лигасындағы «Арсенал» – «Боруссия» матчы туралы болжамын айтты
Ресейлік танымал футбол комментаторы әрі сарапшы Константин Генич Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында лондондық «Арсенал» мен дортмундтық «Боруссия» арасындағы матчқа болжамын бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Сарапшының пікірінше, қос команданың да шабуылдағы әлеуеті зор болғанына қарамастан, алдағы кездесу көп гол соғылмайтын матч болуы мүмкін.
Генич екі клубтың да қорғаныста сенімді ойнайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол қарсыластардың соңғы нәтижелеріне назар аударды. Дортмундтықтар алдыңғы матчта Менхенгладбахтың «Боруссиясын» 1:0 есебімен жеңсе, «Арсенал» «Ньюкаслмен» 2:2 есебімен тең түсті.
Сондай-ақ комментатор лондондықтардың «Бавариямен» (2:2) және прагалық «Славиямен» жуырдағы матчтарын еске салды. Бұл кездесулерде команда гол жіберіп алған еді.
«Бірақ Дортмундпен ойын, меніңше, гол соғылмайтын матч болуы керек. Әрине, «Арсенал» ойыншыларының шеберлігі шешуші рөл атқаруға тиіс, олардың деңгейі сәл жоғары», - деп есептейді Генич.
«Арсенал» — «Боруссия Дортмунд» матчы Лондонда өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.