«Жетісу» – «Қайрат» – 2:2. Төрт гол салынған керемет ойын. Голдар және матчқа бейнешолу


14 маусым күні Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында талдықорғандық «Жетісу» мен алматылық «Қайрат» (2:2) арасында ойын өтті.
Талдықорған қаласының Орталық стадионында өткен ойын 2:2 есебімен нәтижелі тең аяқталды. Кездесудің бас төрешісі Руслан Сұлтанғалиев болды.
Есепті алаң иелері ашты – 19-минутта-ақ Максим Ковель бұрыштама добын сәтті орындап, допты қақпаға салды. Алматылық команда көп күттірмей жауап қатты. 36-минутта Жоржиньо допты қарсыласының бос қақпасына бағыттады. Бірінші тайм алаң иелерінің жеңісімен аяқталды – ысқырық соғылуға төрт минут қалғанда Ринат Серікқұл айып алаңының ортасынан тамаша соққы жасады. Бірақ бұл жерде де «Қайрат» есесін қайтарды. Екінші таймның басында алаң иелерінің айып алаңындағы қарбаласты пайдаланған Егор Сорокин гол соқты.
Осыдан кейін есеп өзгермей, командалар тең есеппен ойынды аяқтады.
ҚПЛ. 12-тур. 14 маусым
«Жетісу» – «Қайрат» – 2:2
Голдар: Ковель, 19, Сериккул, 41 — Жоржиньо, 36, Сорокин, 51
Матчқа бейнешолу: