Талдықорғанда голға толы тартыс: «Жетісу» мен «Қайрат» жеңімпазды анықтай алмады
Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясындағы матчта «Жетісу» мен «Қайрат» командалары жанкүйерлерге қызықты әрі шиеленісті ойын сыйлады. Екі таймда да шабуылдар мен голдарға толы кездесудің қорытындысы – 2:2.
Есепті алғашқы болып «Жетісу» ашты. 19-минутта Максим Ковель қақпаны дәл көздеді – 1:0. Алайда көп ұзамай «Қайрат» таразы басын теңестірді: 36-минутта Жоржиньо жауап голын соқты.
41-минутта Ринат Серікқұл алаң иелерін қайта алға шығарды – 2:1. Ал екінші тайм басталған бетте, 51-минутта Егор Сорокин «Қайраттың» екінші голын соғып, есепті теңестірді – 2:2.
Қалған уақытта қос ұжым да жеңіске жетуге тырысқанымен, есеп өзгермеді.
ҚПЛ. 12-тур
«Жетісу» – «Қайрат» – 2:2 (2:1)
Голдар: Ковель 19’, Серікқұл 41’ — Жоржиньо 36’, Сорокин 51’
Бұл турдан кейін «Қайрат» 27 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Жетісу» 10 ұпай жинап, 12-орында келеді.