Самат Смақов «Қайратпен» матч туралы: Біз ақымақ қателіктер жібердік


Талдықорғандық «Жетісудың» бас бапкері Самат Смақов Қазақстан чемпионатының 12-туры аясындағы «Қайратқа» қарсы матчта (2:2) командасының ойынына көңілі толмағанын айтты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Смақовтың шәкірттері бірінші таймды бір гол басымдығымен аяқтағанымен, екінші таймның басында гол жіберіп алып, жеңісті мүлт жіберді.
«Біріншіден, жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді, олар матч бойы бізді қолдады.
Ойынға келетін болсақ, матч алдында мен жігіттерге «Қайраттың» гол соға алатын сәттерін атап өттім. Біріншіден, мұндай мықты ойыншылары бар команданың жүгіруіне жол беруге болмайды. Екіншіден, қорғаушылардан артындағы ұзақ пастарды жіберіп алмауларын өтіндім. Үшіншіден, қорғаныста қатесіз ойнау керектігін айттым. Осындай қателіктердің салдарынан екі гол жіберіп алдық.
Иә, «Қайраттың» мүмкіндігі көбірек болды. Бірақ мұндай ақымақ қателіктер жібермегенде, есеп мүлде басқаша болуы мүмкін еді», - дейді маман.
Қазақстан Премьер-лигасының 12-турының бірінші ойын күнінен кейін талдықорғандық клуб 10 ұпаймен 13-орында келеді. «Қайрат» өз кезегінде кестеде көш бастап келеді.