Жеңістің алтыншы легі және суперсерияның жалғасы. Покатиловпен бірге «Сабах» жеңіске жетіп, көш басына шықты
Қазақстандық қақпашы Әзірбайжан командасы үшін тағы да үздік ойын көрсетті
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: «Сабах»
22 желтоқсанда Әзірбайжан Премьер-лигасының 16-турында «Сумгаит» пен «Сабах» өзара кездесті.
Қонақтар сапында алаңға капитан ретінде қазақстандық қақпашы Стас Покатилов шықты.
Нәтижесінде, қазақстандық қақпашының командасы бұл ойында сырт алаңда 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Покатиловқа келер болсақ, ол «Сабах» сапында толық матч өткізіп, өз қақпасына гол жіберген жоқ.
Әзірбайжан Премьер-лигасы. 16-тур
«Сумгаит» – «Сабах» – 1:3
Голдар: Васкес, 66 – Симич, 26, 50, Кеффель, 61 (автогол).
«Сабах» 37 ұпаймен Әзірбайжан чемпионатында бірінші орынға көтерілді. «Сумгаит» 27 ұпаймен бесінші орында тұр.
Покатиловтың командасында қазір қатарынан 15 матчта жеңіліс жоқ.
Сондай-ақ, «Сабах» алты ойын қатарынан жеңіске жетіп отыр.