locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Серия жалғасуда. Покатилов қатарынан төртінші рет «Сабахтың» капитаны болып шығады

Қазақстандық легионерге бапкері үлкен сенім артуын жалғастыруда
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Серия жалғасуда. Покатилов қатарынан төртінші рет «Сабахтың» капитаны болып шығады
ФОТО: kazfootball.kz

22 желтоқсан күні Әзірбайжан премьер-лигасының 16-турында Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатиловтың «Сабахы» сырт алаңда «Сумгайытқа» қарсы ойын өткізеді. Қазақстандық легионерге бапкері үлкен құрмет көрсетті.

Литвалық маман Вальдас Дамбраускас Покатиловқа қатарынан төртінші мәрте «Сабахтың» капитаны болуды сеніп тапсырды. Қазақстандық легионер, соның ішінде, «Қарабахқа» қарсы жеңісті матчта да (2:1) командасын капитандықпен алаңға алып шыққан еді.

«Сабахтың» негізгі құрамы келесідей:

Покатилов, Алиев, Рахмоналиев, Нугейра, Зедадка, Лепиньица, Малуда, Пухач, Симич, Совет, Исаев.

Сумгайыттағы ойынның алғашқы ысқырығы астана уақыты бойынша 20:30-да естіледі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie