locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тарихта тұңғыш рет. Покатилов ойнайтын «Сабах» Әзірбайжанда «қысқы чемпион» атанды

Қазақстандық қақпашының командасы жанкүйерлерін қуанта беруде
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: «Сабах»

«Сабах» Әзірбайжан Премьер-лигасының 16-тур матчында «Сумгаитті» жеңіп, бейресми түрде «қысқы чемпион» атанды.

«Үкілер» өткен төрт маусым бойы «қысқы чемпион» болып келген атақты «Қарабақты» басып озып, 37 ұпай жинады.

Айта кетейік, бұл – «Сабах» тарихындағы алғашқы осындай жетістік.

Тағы бір қызықты жайт – «Сабах» маусымның бірінші жартысын көш бастап аяқтаған оныншы клуб болды.

Бұған дейін «қысқы чемпиондыққа» алғаш рет қол жеткізген клуб – «Интер» (қазіргі «Шамахы»; 2008/2009 маусымы) еді.

Жалпы, «қысқы чемпиондар» тізімі бүгінде мынадай: «Қарабах» (11 чемпиондық), «Нефтчи» (9), «Кяпаз» бен «Интер» (әрқайсысы – 3), «Хазри», «Шамкир», «Карван-Евлах», «Хазар-Лянкяран» және «Шувалан» (әрқайсысы – 1).

«Сабах» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсетуде және ол команданың капитанына айналды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie