Жанкүйерлер Рыбакинаның рейтингте бірінші орынға шығуына алаңдаулы: бұған Соболенконың басынан өткен жағдай себеп
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атану үшін күресін жалғастырып жатыр. Көпшілік мұны қазақстандық теннисші үшін үлкен мәртебе деп санаса, кейбіреулер оны орасан зор ауыртпалық деп есептейді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Х әлеуметтік желісінің lau лақап атты қолданушысы әлемнің бірінші ракеткасы атағына байланысты журналистер Рыбакинаға одан да көп қысым жасайды деп санайды. Ол бұған мысал ретінде жуырда Арина Соболенконың белоруссиялық теннисшінің пікірінше сәтсіз қойылған сұраққа байланысты журналистпен сөзге келіп қалған жағдайын келтірді.
«Уайымдамаңыздар, егер Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанса, кейін оны тым салмақты/тұйық болғаны үшін миын ашытатын болады (бұған дейін Иганың миын ашытқандай). Теннисшілер ешқашан жеңе алмайды», — делінген оның жазбасында.
Еске салайық, US Open турнирінің ширек финалына дейін қоса алғанда әлемнің бірінші ракеткасы атағы үшін күресте көп нәрсе Соболенконың нәтижесіне байланысты, ал кем дегенде жартылай финалға шығу Рыбакинаны әлемдік рейтингтің шыңына кепілді түрде шығарады.