Жаман тәжірибе ме? Роналдудың Әл-Наср сапынан неліктен шығарылғаны белгілі болды
Ертең, 3 наурызда Азия чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы ойыны өтіп, ирандық “Эстеглал” Сауд Арабиясының “Әл-Наср” командасын қабылдайды.
“Әл-Насрдың” басты жұлдызы Криштиану Роналду бұл матчтың құрамасына кірген жоқ. Бірақ Джон Дуран, Садио Мане және Марцело Брозович сияқты басқа да негізгі ойыншылар Тегеранға барды.
Daily Mail басылымының хабарлауынша, Сауд клубы матч алдында АФК-ға хат жолдап, Криштиану Роналдудың бұрын Тегеранда проблемалары болғандықтан, өтетін орынды бейтарап стадионға ауыстыруды сұраған. Алайда АФК “Әл-Насрдың” өтінішін қанағаттандырмады.
- Сондай-ақ оқыңыз: Роналду? Серхио Рамос тарихтағы ең үздік футболшыны атады
Еске салайық, Роналдудың Тегерандағы жалғыз ойыны 2023 жылдың қыркүйегінде АФК Чемпиондар лигасы аясындағы “Персеполиске” қарсы болды. Ол ойында португалдықтың командасы 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ойын фанаттарсыз өтті, бірақ соған қарамастан жергілікті жанкүйерлер өздерінің кумирін қарсы алу үшін команданың қонақ үйіне кіріп үлгерді. Оқиға өте проблемалы болып, жағдайға полиция араласуға мәжбүр болған еді.