locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Роналду? Серхио Рамос тарихтағы ең үздік футболшыны атады

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Роналду? Серхио Рамос тарихтағы ең үздік футболшыны атады
ФОТО: Getty images

“Реал Мадрид” мен Испания құрамасының бұрынғы капитаны Серхио Рамос ең үздік футболшы туралы пікірін білдірді. Көпшілік Криштиану Роналдудың есімін күтсе де, Рамос үздік ретінде Лионель Мессиді атады.

“Көп жылдар бойы Мессиге қарсы ойнап, азап шектім. Қазір оның ойынынан ләззат аламын. Ол – футбол тарихындағы ең үздік ойыншы”, – деп келтіреді Рамостың сөзін Give Me Sport.

Айта кетейік, Рамос пен Месси ұзақ жылдар бойы принципиалды қарсыластар болды. Олардың бәсекелестігі 2004 жылы басталды, сол кезде Рамос “Севилья”, ал Месси “Барселона” сапында өнер көрсетті. Кейін Рамос “Реалға” ауысып, олардың арасындағы “Класико” футбол тарихындағы ең қызу текетірестердің біріне айналды.

Алайда 2021 жылы олар ПСЖ сапында командалас атанды. Екі маусым бірге ойнағаннан кейін, 2023 жылы олардың жолы қайта бөлінді – Месси “Интер Майамиге”, ал Рамос “Севильяға” оралды.

Қазіргі таңда Месси “Интер Майами” клубында ойнап жүр, ал 2025 жылы Серхио Рамос мансабын жалғастыру үшін мексикалық “Монтеррей” командасына ауысты.

Бұған дейін Рамос 2009-2018 жылдар аралығында “Реал Мадридте” бірге ойнап, көптеген титулдарды бірге жеңіп алған Криштиану Роналдуды тарихтағы ең ұлы ойыншы деп атаған. Дегенмен, қазір оның пікірі өзгерді, испандық Эль-Класикодағы бұрынғы қарсыласының артықшылығын мойындады.

Тағы да оқыңыздар: Месси мансабының болашағы туралы: "Қазіргі сәтпен өмір сүріп, ойынды тамашалаймын"

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie