Неліктен Роналду Ирандағы Азия чемпионадр Лигасының ойынына барған жоқ?
Криштиану Роналду Азия чемпиондар Лигасының 1/8 финалында "Эстегляльге" қарсы ойынға қатысқан жоқ. Оған Иранда заң бұзды деген айып тағылып, жаза қолданылуы мүмкін еді, деп хабарлайды RMC Sport.
2023 жылдың қыркүйегінде "Аль-Наср" Тегеранға "Персеполиспен" ойнауға барған кезде Роналду жергілікті суретші Фатеме Хаммами Насрабадимен кездесіп, оны құшақтап, бетінен сүйген. Батыс мәдениетінде қалыпты саналатын бұл әрекет Иранда моральдық нормаларды бұзу деп есептелді. Осыдан кейін бірнеше жергілікті заңгер футболшыға жаза қолдануды талап етіп, шағым түсірген.
"Аль-Наср" өз жұлдызын алаңға шығарғысы келіп, кездесуді бейтарап алаңда өткізуді сұрады. Алайда "Эстегляль" бұл ұсыныстан бас тартты.
Тегеранда өткен матч 0:0 есебімен аяқталды. Қарымта ойын 10 наурызда Эр-Риядта өтеді.