locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ямаль тағы бір рекорд орнатты: «Барселона» жұлдызы несімен ерекшеленді?

Каталония клубының жұлдызының кезекті жетістігі
Футбол
Серик Амирбек
Серик Амирбек
Редактор
Ямаль тағы бір рекорд орнатты: «Барселона» жұлдызы несімен ерекшеленді?
ФОТО: Getty Images

«Барселона» Испания чемпионатының үшінші турындағы ойында «Райо Вальеканомен» тең түсті. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Каталондықтардың жалғыз голын Ламин Ямаль пенальтиден соқты. Сонымен қатар, испандық футболшы кезекті рекорд орнатты, деп хабарлайды Opta Sports.

Ямаль 21-ғасырда Ла Лигада пенальтиден гол соққан ең жас ойыншы атанды. Ламин бұл нәтижеге 18 жас 49 күнінде жетті.

Сонымен бірге, «Барселона» вингері 2023 жылдың сәуірінде Испания чемпионатында дебют жасаған сәттен бастап барлық турнирлерде алты пенальти жасап алды. Бұл Ла Лигадағы барлық ойыншылар арасында екінші көрсеткіш.

Сол уақыттан бері өз командасына бұдан көп 11 метрлік сыйлаған жалғыз ойыншы – Анте Будимир. «Осасуна» шабуылшысының еншісінде 10 пенальти бар.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie