Төрешілер циркі де құтқара алмады: «Барселона» Мадридте ұпай жоғалтты
31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні Ла Лиганың 3-турында «Барселона» сырт алаңда «Райо Вальеканомен» күш сынасты. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды, алайда ойынның басты тақырыбы нәтиже емес, төрешілік дауға айналды.
40-минутта Ламин Ямаль пенальтиден есеп ашты. Бұл шешім алаң иелерінің ашу-ызасын тудырды. Дау туғызған сәтті VAR арқылы тексеру мүмкін болмады: жүйе стадионда істемей қалды, сондықтан арбитрлер тек өз шешімдеріне сүйенуге мәжбүр болды.
Үзілістен кейін «Райо» қарымта қайтарды: 67-минутта Фран Перес таразы басын теңестірді. Ал 86-минутта «Райо» тіпті жеңіс голын соққан еді, бірақ ол офсайд тіркелгендіктен есепке алынбады. Каталондықтар тыныс алғанымен, қарсыласын қыспаққа ала алмай, Мадридтен небәрі бір ұпай алып қайтты.
Ла Лига, 3-тур
«Райо Вальекано» — «Барселона» — 1:1 (0:1)
Голдар: Л. Ямаль, 40 (0:1, пенальти). Ф. Перес, 67 (1:1).
Келесі матчын «Барселона» 15 қыркүйекте «Камп Ноуда» өткізеді. Қарсылас - «Валенсия».