«Райо Вальекано» – «Барселона». Онлайн көру. LIVE көрсетілім
«Барселона» мен «Райо Вальекано» Ла Лигадағы бетпе-бет шайқасқа дайын
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні Испания чемпионатының 3-туры аясында мадридтік «Райо Вальекано» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды.
Каталондық клуб маусымды сенімді бастады – алғашқы екі турда 6 ұпай жинап, турнирлік кестеде 5-орынға жайғасты. Ал «Райо Вальекано» маусымның басын сәтсіз өткізіп, небәрі 3 ұпаймен 11-сатыда тұр.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Бұл кездесу «Барселона» үшін көшбасшылар тобында орнықты бекіну мүмкіндігі болса, алаң иелері фаворитке қарсы ойында ұпайдан үміттенеді.
Кездесу Астана уақытымен 00:30-да басталады. Тікелей эфирді Setanta Sports 2 арнасынан көруге болады.