ВИДЕО: «Оқжетпес» «Ордабасыға» қарсы матч алдында жаңа логотипін таныстырды
«Оқжетпес» Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында «Ордабасыға» қарсы матч алдында жаңа логотипін таныстырды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Клубтың түсіндіруінше, жаңа эмблеманың негізінде жылқы бейнесі жатыр. Бұл символ Ақан серінің аты аңызға айналған тұлпарына тағзым етуді білдіреді әрі еркіндік, күш және алға ұмтылыстың символы саналады. Оның жалында клуб атауының мағынасын ашатын жебелер жасырылған.
«Жаңа кезең. Жаңа бейне.
1957 жылдан бері “Оқжетпес” – футбол тарихының бір бөлігі әрі Көкшетаудың мақтанышы.
Жаңа эмблеманың негізінде – жылқы. Бұл Ақан серінің аты аңызға айналған тұлпарына тағзым және еркіндік, күш пен алға ұмтылыстың символы.
Оның жалында клуб атауының мағынасын ашатын жебелер жасырылған:
“Оқжетпес” – тіпті жебе де жете алмайтын биіктік.
Жаңа эмблема. Өзгермеген мінез.
Бір рух. Бір клуб. Солтүстік мінез!», – делінген клубтың Instagram-дағы жазбасында.
Еске салайық, «Оқжетпес» ҚПЛ турнирлік кестесінде төртінші орында келеді.
Чемпионаттың 25-турында Көкшетау командасы өз алаңында «Ордабасыны» қабылдайды. Кездесу сағат 16:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport және SPORT+ телеарналарында, сондай-ақ KFF League YouTube-арнасында қолжетімді болады.