locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мармуш Манчестер Сити сапындағы алғашқы голын соқты

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
ВИДЕО. Мармуш Манчестер Сити сапындағы алғашқы голын соқты
Фото: gettyimages

Бүгін, Англия Премьер-лигасының 25-тур аясында "Манчестер Сити" мен "Ньюкасл Юнайтед" кездесіп жатыр.

Алғашқы минуттан бастап алаңға шыққан Омар Мармуш қалалықтар сапындағы алғашқы голын соқты.

Эдерсонның пасын тиімді пайдаланған египеттік шабуылшы 19-шы минутта гол соғып, матчтың есебін ашты.

Бес минуттан кейін екінші голын да соғып үлгерді. Бұл жолы Илкай Гүндоған пас берді.

26 жастағы шабуылшы дубльден кейін көп ұзамай хет-трик авторы атанды. Ойынның 33-ші минутында Савиньоның пасын әдемі пайдаланып, ойындағы үшінші голын соқты.

Осы голдың арқасында қалалықтар бірінші таймда 3:0 есебімен алда келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie