Ман Сити Мармуштың хет-тригі және Эдерсонның асистімен Ньюкаслды жеңді: Қалалықтар Чемпиондар лигасының аймағына оралды
15 ақпанда "Этихад" стадионында Ағылшын Премьер-Лигасының 25-ші турының ойыны өтті, онда "Манчестер Сити" мен "Ньюкасл" кездесті.
Бірінші таймда мысырлық шабуылшы Омар Мармуштың хет-тригі арқасында, қақпашы Эдерсон, Илкай Гюндоган және Савиньоның ассистерінің арқасында қалалықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Екінші таймда Джеймс Макети Эрлинг Холандтың пасынан кейін "Ман Ситидің" басымдығын ұлғайтты.
Нәтижесінде қалалықтар 4:0 есебімен жеңіске жетті!
Эдерсонға келетін болсақ, бұл оның маусымдағы үшінші және Премьер-Лигадағы мансабындағы алтыншы ассисты екенін айта кеткен жөн.
АПЛ. 25-тур
Манчестер Сити - Ньюкасл - 4:0
Голдар: Мармуш, 19, 24, 33, Макети, 84.
44 ұпай жинаған "Ман Сити" Премьер-лигада Чемпиондар лигасының аймағы, 4-ші орынға көтерілді. "Ньюкасл" 41 ұпаймен 7-орында.