ВИДЕО. Роналдудың жеке ұшағы Манчестер әуежайына қонды
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Манчестер әуежайында саудиялық “Әл Наср” клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың жеке ұшағы байқалды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде.
Баспасөз қызметі әуежайдың қону жолағында CR7 логотипі бар ұшақтың қысқа бейнесімен бөлісті. Бейнеге жүректері мен көздері бар эмодзилер қойылған. Алайда Роналдудың өзі Манчестерде екендігі әлі белгісіз.
Бүгін, 15 ақпанда Манчестерде "Этихад" стадионында "Манчестер Сити" мен "Ньюкасл Юнайтед" арасында ағылшын премьер-лигасының 25-турының матчы өтеді.
“Манчестер Сити” қаржылық ережелер бойынша АПЛ-мен күресті жалғастырады