locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео. Испанияда қазақстандық талант жарқырады: Нұрғали «Леванте»-ге жеңісті дубльмен сыйлады

17 жастағы «Қайрат» түлегі Испания жасөспірімдер чемпионатының қаһарманы атанды
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Бейне. Испанияда қазақстандық талант жарқырады: Нұрғали «Леванте»-ге жеңісті дубльмен сыйлады
ФОТО: ҚФФ

Испания жасөспірімдер чемпионатының матчында 17 жастағы қазақстандық шабуылшы, «Леванте» ойыншысы Алдияр Нұрғали басты кейіпкерге айналды: ол сырт алаңда «Эльче»-мен өткен кездесуде жеңісті дубль жасап, командасына үш ұпай сыйлады.

Кездесу 2:1 есебімен Валенсия командасының пайдасына аяқталды. Екі голды да Нұрғали соқты. Алғашқы голын ол 18-минутта, бірінші таймда шабуылды сәтті аяқтап енгізді. Ал екінші таймда, 67-минутта, тағы да керек сәтте керек жерде болып, допты қақпаға тоғытып, «Леванте»-нің жеңісін бекітіп берді.

Испания жасөспірімдер чемпионаты

«Эльче» U-19 – «Леванте» U-19 – 1:2

Голдар: Хосе Кассильяс 30 – Алдияр Нұрғали 18, 67

Айта кету керек, Нұрғали – испандық клуб жүйесіндегі жалғыз қазақстандық емес. «Леванте» сапында павлодарлық Чингис Қалиев те ойнайды. Екі футболшы да алматылық «Қайрат» футбол мектебінен түлеп шығып, қазір Еуропаның ең үздік жасөспірімдер чемпионаттарының бірінде мансаптарын табысты жалғастыруда.

Сондай-ақ Қазақстандық шабуылшы Премьер-лигадағы клубын ауыстырады.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie