locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. Арне СЛОТ: \"ПСЖ тға да қиын қарсылас түсті\"

ФОТО: gettyimages.com

"Ливерпуль" бас бапкері Арне Слот ПСЖ-ға қарсы өтетін Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы матч алдында сұхбат беріп, жеребе нәтижесі, командасының қазіргі жағдайы және Еуропадағы ең мықты клуб жайлы пікірін айтты.

"Соңғы екі айдағы футболды көргендердің бәрі "Бенфикамен" ойнағанды жөн көретін еді. Бірақ егер сен "Ливерпульдің" ойыншысы немесе бапкері болсаң, үздік командалармен бәсекеге түскің келеді", – деді Слот.

Сонымен қатар, ол қиын қарсылас тек "Ливерпульге" ғана емес екенін атап өтті. "ПСЖ-ға да осал команда түскен жоқ", – деп бапкер Чемпиондар лигасындағы жоғары бәсекелестікке назар аудартты.

Айта кетейік, ПСЖ мен "Ливерпуль" арасындағы алғашқы матч 5-нен 6-наурарызға қараған түні, Астана уақытымен 01:00-де "Парк де Пренс" стадионында өтеді. Қарымта ойын 11 наурызға қараған түні "Энфилдте" болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie