locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Эллиоттың голы Ливерпульге ПСЖ-ны жеңуге көмектесті

Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Эллиоттың голы Ливерпульге ПСЖ-ны жеңуге көмектесті
ФОТО: Getty Images

6 наурыз күні Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында ПСЖ өз алаңында – "Парк де Пренс" стадионында "Ливерпульді" қабылдады.

Бірінші таймда Хвича Кварацхелия әдемі соққымен гол салды, бірақ төреші оны есепке алмады. Алғашқы 45 минут 0:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймда да гол ұзаққа дейін соғылмады. Алайда 87-минутта Дарвин Нуньестің пасынан кейін Харви Эллиотт париждіктердің қақпасын дәл көздеп, "Ливерпульге" сырт алаңда 0:1 есебімен жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, 21 жастағы Эллиотт үшін бұл Чемпиондар лигасындағы биылғы маусымдағы үшінші голы.

Чемпиондар лигасы. 1/8 финал. Алғашқы матч

ПСЖ – Ливерпуль – 0:1 (0:0)

Гол: Эллиотт, 87.

Қарымта кездесу 12 наурыз күні "Энфилд" стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 01:00-де басталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie