locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. Алаңға шықпай-ақ матчтың қаһарманы атанған 15 жастағы боллбой Германияның жартылай финалға шығуына қалай кқмектесті?

ФОТО: Х желісіндегі Football24/7 парақшасы

Германия құрамасы Италияны екі матчтың қорытындысы бойынша (5:4) жеңіп, Ұлттар лигасының жартылай финалына шықты. Алайда бұл ойында күтпеген кейіпкер де пайда болды – 15 жастағы Ноэль Урбанияк.

Жас боллбой ойыннан кейін ерекше назарға ілікті. Германия құрамасы оған сұхбат беріп, қолтаңбасы бар доп сыйлады. Ол 36-минутта жылдам әрекет етіп, капитан Йозуа Киммихке бұрыштамадан пас беруге көмектесті. Сол сәтте Италия қорғаушылары әлі тактикалық талқылау жүргізіп жатқан, ал қақпашы Джанлуиджи Доннарумма өз орнынан алыс тұрған еді. Нәтижесінде Джамал Мусиала еш кедергісіз гол соғып, Германияның басымдығын арттырды.

«Бұл – керемет сезім! Бұған дейін мұндай жағдайға тап болмағанмын», – деді Урбанияк бақыттан бал-бұл жайнап, қолтаңбасы бар допты ұстап тұрып. «Біз Киммихпен көзбен бір сәтке байланыстық, оның допты сұрағанын түсініп, бірден лақтырдым. Мен үшін бұл үлкен тәжірибе болды».

Германия Италиямен 3:3 есебімен тең түскенімен, екі матчтың қорытындысы бойынша 5:4 есебімен жеңіске жетті. Енді команда маусым айында Португалиямен жартылай финалда кездеседі. Ал екінші жартылай финалда Франция мен Испания ойнайды.

ФОТО: Х желісіндегі Football24/7 парақшасы
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie