Италия Германиядан 3:0 есебінен соң қайта оралғанымен, Ұлттар лигасының жартылай финалына шыға алмады
Наурыздың 23-нен 24-не қараған түні төрт дүркін әлем чемпиондары Италия мен Германия арасында УЕФА Ұлттар лигасының ширек финалының қарымта кездесуі өтті.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Германия құрамасы «Вестфаленге» керемет формада шығып, бірінші таймда ірі есеп жасай алды. Йозуа Киммих пенальтиден бірінші голды соғып, екі нәтижелі пас берді. «Бундестимнің» капитаны осы текетірестегі барлық голдарға қатысты – гол плюс пас жүйесі бойынша оның қоржынында 1 + 4 ұпай. Бірақ екінші таймда итальяндықтар екінші тыныс тапты. Мойзе Кин 20 минутта дубль жасады, ал қосымша уақытта Распадори пенальтиді орындады, бірақ бұл команданың жартылай финалға шығуына жеткіліксіз болды.
Осылайша Германия құрамасы Италияны екі матч қорытындысы бойынша 5:4 есебімен ұтып, УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалына жолдама алды.
Ұлттар лигасы. Ширек финал. 24 наурыз
Германия- Италия - 3:3 [алғашқы матч 2:1]
Голдар: Киммих, 30 (пенальти), Мусиала, 36, Кляйндинст, 45 - Кин, 49, 69, Распадори, 90+5 (пенальти).
