Украина чемпионатының «Черноморец» — «Колос» матчы ауыр себептермен кейінге қалдырылды
Украина чемпионатының екінші туры «Черноморец» пен «Колос» арасындағы матчпен басталуы тиіс еді, алайда ойын Ресейдің Одессаға жасаған шабуылы салдарынан стадионның зақымдануына байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Матчқа бір тәуліге жетпейтін уақытта Ресей армиясы «Черноморец» стадионына соққы беріп, соның салдарынан шатырдың бір бөлігі құлап, оның сынықтары трибуналар мен алаңға зиян келтірді. Сондай-ақ, стадионның әйнек қаптамасы да зақымданған. Жергілікті билік қаза тапқандар туралы әлі хабарлаған жоқ, тек зардап шеккендер туралы мәлімет бар, олар ауруханаға жеткізілген.
- Сондай-ақ оқыңыз: ЛЕ «Зальцбург» — «Пафос» ойыны тоқтатылды: себебі белгілі
Украина Премьер-лигасы бұл жағдайды форс-мажор деп танып, 8 тамыз күні Астана уақытымен 15:00-де өтуі тиіс болған матчты белгісіз мерзімге шегерді. Әзірге «Черноморец» өз алаңында ойын өткізе ала ма, жоқ па белгісіз, себебі стадион толықтай тексеруден өтеді.
Айта кетейік, одессалықтар осы маусымда өз алаңында алғашқысын өткізіп, «Полесьеге» 1:2 есебімен жол берген еді. «Колос» та маусымды сәтсіз бастап, сырт алаңда «Зарядан» 0:2 есебімен жеңілген болатын.