Қуаныш Қабдулов: Мүмкін, сәттілік жетіспеген шығар, бірақ ойын жақсы болды
«Атырау» клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы Қуаныш Қабдулов Премьер-лиганың 18-турындағы «Астанаға» қарсы өткен матчқа (0:2) пікір білдірді:
«Біз бұл ойынға тыңғылықты дайындалдық. Мүмкін, сәл ғана сәттілік жетіспеген шығар, бірақ жалпы ойын жақсы өтті. Менің ойымша, жанкүйерлерге ұнады. Өкінішке қарай, ұпай ала алмадық. Енді алда қалпына келу керек, «Ордабасыға» қарсы ойынға дайындаламыз.
Пенальти жайлы төрешінің шешесіне келсек — видеоқайталауды қарау керек. Жеке өз басым, соңғы сәтте пенальти болды деп есептеймін. Бірақ төрешілер шешімін шығарды, енді ештеңе өзгермейді.
Біз бір аптада үш матч өткізіп жатырмыз, сондықтан құрамдағы ротация осы жағдайға байланысты болды. Мұны бәрі түсінеді. Командамен сөйлестік: бізге алаңға тың ойыншылар қажет. Сондықтан сенбі күні өтетін «Ордабасыға» қарсы матчқа тың құраммен шығамыз».
Легионерлердің голымен «Астана» «Атырауды» жеңіп, «Қайратпен» ұпай теңестірді.