Легионерлердің голымен «Астана» «Атырауды» жеңіп, «Қайратпен» ұпай теңестірді
Футбол
30 сәу 2025 10:57

Дамир Кошечкин
Журналист

Легионерлердің голымен «Астана» «Атырауды» жеңіп, «Қайратпен» ұпай теңестірді
Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында кейінге шегерілген матчта «Атырау» өз алаңында «Астана» клубын қабылдады.
Алғашқы таймда елордалық команда алға шықты - Назми Грипши пенальтиден гол соқты.
Ойынның екінші жартысында хорват ойыншысы Марин Томасов есепті еселей түсті.
Матч «Астананың» сырт алаңдағы жеңісімен аяқталды - 0:2.
Қазақстан Премьер-лигасы. 18-тур
«Атырау» — «Астана» — 0:2 (0:1)
Голдар: Грипши, 36 (пенальтиден), Томасов, 71.
Осы жеңістен кейін «Астана» 17 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Сондай-ақ, көш басындағы «Қайраттың» да еншісінде 17 ұпай бар.
Ал «Атырау» үш ұпаймен 13-орында қалып отыр.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 18:07

Футбол
Бүгін 17:27

Футбол
Бүгін 16:59
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек