locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қуаныш Қабдолов «Атырау» бас бапкері қызметінен кетіп, жастармен жұмысқа қайта оралды

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Қуаныш Қабдолов «Атырау» бас бапкері қызметінен кетіп, жастармен жұмысқа қайта оралды
ФОТО: fc_atyrau инстаграм парақшасынан

«Атырау» футбол клубы Қуаныш Қабдоловтың бас бапкер қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлады.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, 37 жастағы маман бұл шешімді өз еркімен қабылдаған.

Қуаныш Қабдолов маусымның қиын кезеңінде бас команда тізгінін клубтың бас менеджері Дидар Сыдықбектің ұсынысымен қолға алған болатын. Оның басшылығымен «Атырау» Қазақстан Премьер-лигасы аясында алты ойын өткізді.

Бапкерлік ауысымға қарамастан, Қабдолов клуб құрылымында жұмысын жалғастырады – ол бұған дейін атқарған QJL жобасы аясындағы жастар командаларының үйлестірушісі қызметіне қайта оралады.

Айта кетейік, Қабдолов 21 сәуірде Константин Горовенконың отставкасынан кейін уақытша бас бапкер болып тағайындалған еді. Қазіргі уақытта «Атырау» 12 тур қорытындысы бойынша 4 ұпаймен турнир кестесінің соңғы сатысында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie