Қуаныш Қабдолов уақытша «Атырау» клубының бас бапкері атанды
«Атырау» футбол клубы бас бапкер қызметіне уақытша Қуаныш Қабдолов тағайындалғанын хабарлады.
48 жастағы маман Константин Горовенкомен 21 сәуірде өз еркімен қызметінен кеткен еді.
37 жастағы Қабдолов – атыраулық футбол мектебінің түлегі. 2009-2012 жылдары ол клубтың жастар құрамасында бапкер көмекшісі ретінде еңбек етті. 2013 жылы «Атырау» футбол орталығының басшысы болып тағайындалған ол, сол жылы 1999 жылы туған жасөспірімдер командасын ел чемпионатына дейін жеткізді.
2014 пен 2020 жылдар аралығында Қуаныш Кенжәліұлы негізгі команданың жаттықтырушылар штабына кіріп, бас бапкердің көмекшісі және уақытша бас бапкер міндетін де атқарған. Бұл кезеңде «Атырау» екі рет Қазақстан Кубогінің финалына дейін жетті – 2017 және 2019 жылдары.
Одан кейін ол «Тұран» клубында екі маусым бапкерлік жұмыс атқарды. Әуелде көмекші ретінде, кейіннен бас жаттықтырушы ретінде қызмет етті. Ал 2023 жылы ол «Каспий» командасын басқарды, әрі Бірінші лигада қола медаль жеңіп алды.
Биылғы маусымда Қуаныш Қабдолов «Атырау» клубының QJL (жастар лигасы) жобаларында үйлестіруші қызметін атқарып жүрген болатын.