Түркия Суперлигасы. Зайнутдинов Бешикташ сапында Ризеспормен тең аяқталған кездесуде толық ойын өткізді
Бүгін “Бешикташ” биылғы жылдың бірінші матчында Түркия суперлигасында “Ризеспор” командасына қарсы ойнады.
“Ризеспор” өзінің аутсайдер мәртебесіне қарамастан, алғашқы минуттардан бастап қарсыласына қысым көрсете бастады. Бірінші таймда олар 10 соққы жасады, оның 4-еуі нысанаға дәл бағытталды. 38-ші минутта олар есеп ашты. Жедсон Фернандеш кроссты үзгісі келгенімен, өз қақпасына допты бағыттап жіберді. Бірақ, бірінші таймның соңында қонақтар Эрнест Мучи голымен жауап қайтарды. Матчтың екінші бөлігінде есеп өзгерген жоқ, таблода 1:1, командалар ұпай бөлісті.
Бахтиер Зайнутдинов алаңда 90 минут өткізіп, Flashscore нұсқасы бойынша гол соққан Эрнест Мучиден кейін команданың екінші үздік ойыншысы атанды.
Түркия Суперлигасы. 18-ші тур. 3-ші қаңтар
Ризеспор - Бешикташ – 1:1
Голдар: Фернандеш, 38 (автогол) - Мучи, 45+3.