locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бақтиер Зайнутдинов Ризеспорға қарсы матчқа шақырту алды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Бақтиер Зайнутдинов Ризеспорға қарсы матчқа шақырту алды
ФОТО: Getty images

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Түркия Суперлигасының 18-турындағы “Ризеспорға” қарсы матчқа шақырту алған ойыншылар қатарында.

Бұған дейінгі “Аланьяспорға” қарсы өткен ойында (1:1) Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шығып, 70-минутта алмастырылды. Flashscore порталы жартылай қорғаушының ойынына 8,0 ұпай берді – бұл “Бешікташ” ойыншылары арасындағы ең жоғары баға және екі команданың ойыншылары арасындағы екінші нәтиже.

Ағымдағы маусымда қазақстандық футболшы стамбұлдық клубтың негізгі құрамында тек екі рет алаңға шықты.

“Ризеспор” – “Бешікташ” матчы 3 қаңтарда, Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie