Ризеспор – Бешикташ - 1:1. Зайнутдинов үздіктер қатарында! Голдар және матчқа бейнешолу
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Бүгін Түркия Суперлигасының 18-ші турының ойыны өтті, онда “Бешикташ” сырт алаңда “Ризеспормен” ойнады.
Алаң иелері 38-ші минутта Жедсон Фернандештің автоголының арқасында есеп ашты. “Бешикташ” оларға таймның соңындағы голмен жауап берді: Эрнест Мучи гол соқты. Матчтың қосымша уақытында Ризеспор есепті өзгерте алды, бірақ офсайдқа байланысты гол есептелмеді. Нәтижесінде 1:1 есебі тіркеліп, кездесу минималды тең аяқталды.
Бахтиер Зайнутдинов алаңда 90 минут өткізіп, Flashscore нұсқасы бойынша гол соққан Эрнест Мучиден кейін команданың екінші үздік ойыншысы атанды.
Түркия Суперлигасы. 18-ші тур. 3-ші қаңтар
Ризеспор - Бешикташ – 1:1
Голдар: Фернандеш, 38 (автогол) - Мучи, 45+3.
Матчқа бейнешолу: