locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тарихи сәтсіздік. «Бавария» соңғы төрт жылда алғаш рет Чемпиондар лигасында өз алаңында жеңілді

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Тарихи сәтсіздік. «Бавария» соңғы төрт жылда алғаш рет Чемпиондар лигасында өз алаңында жеңілді
ФОТО: Getty Images

Сәуірдің 8-інен 9-ына қараған түні Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы ойында мюнхендік «Бавария» «Интерден» (1:2) жеңіліп қалды.

Бұл мюнхендік команданың 2020/21 маусымынан бергі Чемпиондар лигасындағы «Альянц Аренадағы» алғашқы жеңілісі болды. Бір қызығы, соңғы жеңіліс еурокубоктың дәл осы кезеңінде болды. 2021 жылдың 8 сәуірінде «Бавария» ширек финалдың алғашқы ойынында «ПСЖ-дан» 2:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ол ойында париждіктерге жеңіс әкелген голды Килиан Мбаппе соқты.

Томас Мюллердің 86-минутта соққан голынан кейін «Бавария» тең есеппен аяқталуы мүмкін еді. Бірақ екі минуттан кейін Давиде Фраттези «Интердің» жеңісін жұлып алды.

Ширек финалдың қарымта кездесуі 17 сәуірге қараған түні Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді. Онда Винсент Компани шәкірттері өкінішті жеңілістің бетін қайтарып, жартылай финалға жолдама алуға тырысады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie