Матч соңы бәрін шешті. Чемпиондар лигасының ширек финалында «Интер» «Бавариядан» басым түсті
8-9 сәуірге қараған түні мюнхендік «Бавария» мен миландық «Интер» арасындағы Чемпиондар лигасының ширек финалдық алғашқы ойыны өтуде.
Голдар және матчқа бейнешолу
Ойын «Баварияның» өз алаңы «Альянц Аренада» өтіп, 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Матчты швейцариялық төреші Сандро Шарер басқарды..
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
«Нераззурри» бірінші таймда есеп ашты - «Интердің» турнир тарихындағы үздік бомбардирі Лаутаро Мартинес гол соқты. Есеп ойынның соңына дейін өзгеріссіз қалды. Бірақ соңғы ысқырық алдында командалар екі гол алмасты. 86-минутта мюнхендік ардагер Томас Мюллер кеткенін жариялағаннан кейін бірінші голды соқты, ал екі минуттан кейін Фраттези оған голмен жауап берді.
Осылайша, «Интер» өз алаңында «Баварияны» ұтып, 17 сәуірге қараған түні Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында өтетін қарымта матч алдында басымдыққа ие болды.
Чемпиондар лигасы. 1/4 финал. 9 сәуір
«Бавария» - «Интер» - 1:2
Голдар: Мюллер, 86 - Мартинес, 38, Фраттези, 88.
«Бавария»: Урбиг - Станишич, Дайер, Ким (Буй, 74) - Лаймер, Горетца, Киммих, Геррейру (Гнабри, 74) - Олисе, Кейн, Сане (Мюллер, 74).
«Интер»: Зоммер - Бастони, Ачерби, Павар - Карлос, Мхитарян (Фратеззи, 74), Чалханоглу, Барелла, Дармиан (Биссек, 79) - Тюрам, Мартинес (Залевски, 89).
Ескертулер: Ким, 28 - Мартинес, 53, Мхитарян, 71, Фратеззи, 89, Залевски, 90+4.
