«Бавария» - «Интер» - 1:2. Барлығын өзгерткен екі минут! Голдар және матчқа бейнешолу
8-9 сәуірге қараған түні мюнхендік «Бавария» мен миландық «Интер» (1:2) арасындағы Чемпиондар лигасының ширек финалдық алғашқы ойыны өтті.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
38-минутта Лаутаро Мартинестің алаң ортасынан жылдам шабуылды бастап, оны өзі күшті соққымен аяқтады. Есеп ойын соңына дейін өзгеріссіз қалды, бірақ 86-минутта алмастырылған Томас Мюллер гол соқты. Араға екі минут салып ойынға екінші таймда қосылған Фраттези гол соғып жауап қайтарды.
Осылайша, «Интер» өз алаңында «Баварияны» жеңіп, 17 сәуірге қараған түні Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында өтетін қарымта матч алдында басымдыққа ие болды.
Чемпиондар лигасы. 1/4 финал. 9 сәуір
«Бавария» - «Интер» - 1:2
Голдар: Мюллер, 86 - Мартинес, 38, Фраттези, 88.
Матчқа бейнешолу: