locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тарихи кезеңнің соңы: Иван Азовский «Ұлытау» клубының бас бапкері қызметінен кетті

«Ұлытау» клубты Премьер-лигаға шығарған бапкерімен қоштасты
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Тарихи кезеңнің соңы: Иван Азовский «Ұлытау» клубының бас бапкері қызметінен кетті
ФОТО: Ұлытау ФК

Жезқазғандық «Ұлытау» футбол клубы бас бапкер Иван Азовскиймен келісімшартты тоқтатқанын ресми түрде хабарлады. Бұл жаңалық клуб тарихындағы маңызды кезеңнің аяқталғанын білдіреді - дәл осы маманның басшылығымен команда алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған еді.

Азовский 2023 жылы клубқа қосылып, алдымен футбол орталығында жұмысын бастаған болатын. Көп ұзамай ол негізгі құрамды қабылдап, шектеулі ресурстарға қарамастан, 2024 жылғы маусым қорытындысы бойынша тарихи жетістікке қол жеткізді - команданы жоғарғы лигаға алып шықты.

Алайда Премьер-лигадағы алғашқы маусым оңайға соқпады. 15 турда Азовскийдің шәкірттері небәрі үш жеңіске жетіп, үш мәрте тең ойнап, тоғыз рет жеңіліске ұшырады. Оның басшылығымен өткен соңғы матч 28 маусымда өтті -«Ұлытау» өз алаңында «Жетісуға» 1:2 есебімен жол берді.

Клуб өкілдері тәжірибелі маманға атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, оның есімі жезқазғандық футбол тарихында алтын әріппен жазылатынын атап өтті. Қазіргі таңда Азовскийдің орнын басатын жаңа бапкердің есімі жарияланған жоқ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie