Тағы бір мүмкіндік жанкүйерлерге: «Қайрат» – «Селтик» матчының қосымша билеттері сатылымға шықты
УЕФА резервінің арқасында шамамен мың орын қайтадан қолжетімді болды
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: ФК Қайрат
25 тамыз күні «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі шотландиялық «Селтикке» қарсы жауапты ойынға қосымша билеттердің сатылымға түскенін хабарлады.
УЕФА-дан қайтарылған резервтің арқасында жанкүйерлер үшін шамамен 1000 орын қолжетімді болды.
Бұған дейін негізгі билеттер топтамасы 19 тамызда сатылымға шыққаннан кейін үш сағатқа жетпей түгелдей сатылып кеткен еді.
Алғашқы ойын Глазгода өтіп, есеп ашылмады — 0:0. Енді Алматыдағы жауапты кездесу тартыстың тағдырын шешпек: қай команда Еуропаның басты клубтық турнирінің топтық кезеңіне жолдама алады.