Суперкомпьютер шығарған болжам Покатилов үшін Чемпиондар лигасында көңіл көншітпейді
FMD суперкомпьютері Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов ойнайтын «Сабахтың» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі орнын болжап көрді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Болжамға сәйкес, Әзербайжан чемпионы сегіз матчтың қорытындысы бойынша бірде-бір жеңіссіз және бір ұпаймен турнирлік кестенің соңғы орнында қалады. Дәл осындай нәтиже братиславалық «Слованға» да болжанып отыр, алайда Словакия чемпионының гол айырмасы жақсырақ болады: «Сабахтағы» -12-ге қарсы -10.
- Сондай-ақ оқыңыз: Покатилов Чемпиондар лигасында ерекше жапсырмамен ойнайды: себебі неде?
Еске салайық, Әзербайжан чемпионы тарихындағы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матч 11 қыркүйекке қараған түні «Манчестер Юнайтедке» қарсы өтеді. Ал өз жанкүйерлері алдында Покатилов пен оның командасы бұл деңгейдегі алғашқы матчын 13 қазанда праганың «Славиясына» қарсы өткізеді.
Бұл екі командадан бөлек, «Сабахтың» қарсыластары Дортмундтың «Боруссиясы», «Викинг», «Барселона», «Вильярреал», «Наполи» және «Арсенал» болады.