1000 голға аз қалды: Роналду мансабындағы 929-шы голын соқты
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Криштиану Роналду футбол әлемін таңғалдыруды жалғастыруда. УЕФА Ұлттар лигасының ширек финалында Дания құрамасына қарсы өткен ойында Португалия капитаны маңызды гол соғып, мансабындағы голдар санын 929-ға жеткізді.
40 жасқа қарамастан, Роналду шешуші сәттерде командасын алға сүйреп келеді. Ол тек тұрақты түрде емес, маңызды матчтарда гол соғуымен ерекшеленіп жүр. Қақпаны дәл көздеген доптарының таралуы мынадай:
• 450 – «Реал Мадрид»
• 145 – «Манчестер Юнайтед»
• 136 – Португалия құрамасы
• 101 – «Ювентус»
• 92 – «Аль-Наср»
• 5 – «Спортинг»
Ұлттық құрама сапында Криштиану Роналду 2016 жылы Еуропа чемпионы, ал 2019 жылы УЕФА Ұлттар лигасының жеңімпазы атанған.