Самородов пен Кенжебек РПЛ клубында бас бапкерсіз ресми түрде қалды
Ресейлік маман Станислав Черчесов грозныйлық «Ахмат» клубының бас бапкері қызметінен кетті. Клуб құрамында Қазақстан құрамасының екі футболшысы — Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Ахматтың» баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар еңбек келісімшартын өзара келісім бойынша бұзған. Дүйсенбі, 2 қарашада Черчесов командамен қоштасты. Бапкерлер штабы мен футболшылар бірлескен жұмыстары үшін бір-біріне алғыс білдірді.
Черчесов грозныйлық клубты 100-ден астам матчта басқарды. 2026/27 жылғы маусымның 13 турында «Ахмат» 11 ұпаймен соңғының алдындағы 15-орында келеді.
Айта кетейік, Черчесов қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. 2024 жылғы маусымнан 2025 жылғы қаңтарға дейін ол Қазақстан ұлттық құрамасын басқарды. Оның жетекшілігімен команда УЕФА Ұлттар лигасында алты матч өткізіп, бір ұпай жинады. Қазақстандықтар Норвегиямен тең түсті (0:0) және бес рет жеңіліс тапты.
Черчесовтың бапкерлік мансабында Ресей құрамасы да болды. Ол бұл командамен 2018 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетті. Сонымен қатар маман Польшаның «Легиясы» мен Венгрияның «Ференцварошын» жаттықтырды. Соңғы клубпен бірге Черчесов Венгрия чемпионы атанып, ұлттық кубокты екі рет жеңіп алды.