Салахқа бәсекелестік: «Бешікташ» пен «Фенербахче» Серия А-дан жұлдыз шабуылшыларын алып келеді
Түркия чемпионатының жазғы трансфер кезеңіндегі басты жаңалығы – Мохамед Салахтың «Трабзонспорға» ауысуы болды. Алайда, стамбұлдық алыптар да жұлдызды трансферлер бойынша қалысар емес, деп хабарлайды Sports24.kz.
Фабрицио Романо жергілікті алыптардың екі бірдей трансфері жайлы мәлімдеді: Ромелу Лукаку алты миллион еуроға «Наполиден» «Фенербахче» сапына ауысады, ал «Бешікташ» Душан Влаховичті сатып алу үшін соңғы әрекет жасап отыр.
Қазір серб шабуылшысы еркін агент мәртебесінде жүр, «Ювентустан» кеткен соң келіссөздер тікелей ойыншымен жүргізілуде, алайда әзірге мәміле жасау мүмкін болмай тұр. Соған қарамастан, «Бешікташ» бұрынғы «бьянконери» шабуылшысын қатарға қосуға аса ынталы.
Лукакуға келсек, «Наполи» бельгиялық ойыншының «канареектер» сапына өтуіне рұқсат берді. Өткен маусымның соңын сәтсіз өткізіп, наурыз айынан бері «партенопейліктер» құрамында алаңға шықпаған, тіпті «Наполидің» маусым алдындағы жиындарына да қатыспаған форвардқа клуб басшысы Аурелио де Лаурентис кедергі келтірмеді.