locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Салах пен Мармуш Африка кубогының ашылу матчында Египетке жеңіс сыйлады

«Фараондар» алғашқы ойында Зимбабвені әрең жеңді
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

Күтпеген жерден ауыр басталды Египет құрамасы үшін Африка Ұлттар кубогының Зимбабвеге қарсы алғашқы матчы.

Бірінші таймда Зимбабве ойыншылары Салах командасының қақпасына гол соқты. Оның авторы Танзания чемпионатында өнер көрсететін шабуылшы Принс Дубе болды.

Египет бірінші таймда ұтылып, гол соғатын бірнеше нақты мүмкіндікті мүлт жіберіп, сәтсіздікке ұшырауға шақ қалды.

Екінші таймның ортасында Египет Омар Мармуштың шеберлігімен есепті теңестірді. Ал қосымша уақытта Мұхаммед Салах дәл соққымен Египетке жеңіс әкелді. Матч 2:1 есебімен аяқталды.

Бұған дейін ОАР құрамасы Анголаға қарсы ойында үш ұпайды жұлып әкетті – 2:1. Осы топтағы тағы бір кездесуде Мали мен Замбия құрамалары 1:1 есебімен тең түсті.

Турнирдің ашылу матчында жарыс иелері – Марокко құрамасы күткендей Комор аралдарын жеңді Мадридтік «Реал» ойыншысы Браим Диас пен жуырда «Қайратқа» қарсы ойнаған «Олимпиакос» шабуылшысы Аль-Каабидің голдарының арқасында.

Футбол. Африка Ұлттар Кубогы, 1-ші тур

Египет - Зимбабве - 2:1 (0:1)

Голдар: Дубе, 20 (0:1), Мармуш, 64 (1:1), Салах, 90+1 (2:1).

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie