Мали мен Замбия Африка кубогында пенальтиді мүлт жіберіп, 90+2 минуттағы голмен тең түсті
Бұл ойында 1:1 есебімен тең нәтиже тіркелді
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Getty Images
22 желтоқсан күні Африка ұлттар кубогының топтық кезеңінің алғашқы туры аясында Мали мен Замбия құрамалары арасындағы тартысты матч өтті.
Лассина Синайоконың голына Замбия құрамасы 90+2 минутта Патсон Дака дәл соққысымен жауап берді.
Осылайша, кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Африка ұлттар кубогы. А тобы. 1-тур
Мали – Замбия – 1:1
Голдар: Синайоко, 62 – Дака, 90+2.
Реализацияланбаған пенальти: Туре, 42 (Мали).
Бұл топтағы басқа кездесуде Марокко құрамасы Коморды 2:0 есебімен жеңді.