Египет – Зимбабве. 23 желтоқсан. Онлайн қарау. Live трансляция
Агадирде өтетін Африка Кубогы-2025 топтық кезеңіндегі матч 01:00-де басталады және тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan арнасында көрсетіледі
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
22-нен 23 желтоқсанға қараған түні 2025 жылғы Африка ұлттары кубогының топтық кезеңі аясында Египет пен Зимбабве құрамалары арасындағы матч өтеді.
Кездесу Агадирдегі «Ардар» стадионында өтеді және қазақстандық уақыт бойынша 01:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
2025 жылғы Африка Кубогы Мароккода өтіп жатыр. Турнирге 24 ұлттық құрама қатысуда, жарыс 19 қаңтарға дейін жалғасады. Қазіргі кубок иегері – Кот-д’Ивуар құрамасы.