locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сабина Яшкова кім? Вирустық сұхбат кезінде жаттықтырушыны ыңғайсыз жағдайға қалдырған әсерлі журналист

«Виагем Усти-над-Лабем» футбол клубының чехиялық журналисті футбол жанкүйерлерінің назарын аударды
ФОТО: instagram.com/sabina_j96

Чехиялық тележурналист Сабина Яшкова соңғы күндері Чехияның екінші лигасында өнер көрсететін «Виагем Усти-над-Лабем» клубының жаттықтырушысы Давид Олехламен алаң жиегінде сұхбаттасқаннан кейін танымал бола бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жанкүйерлер сұхбат кезінде жаттықтырушы тап болған ыңғайсыз жағдайға әзілмен пікір білдірді. Ол бойжеткеннің ажарын айшықтай түскен ақ түсті сәнді жакетпен бүркемеленген, ойық жағалы топ киген көрікті журналистке қарамауға тырысты.


Яшковамен болған бір минуттық әңгіме кезінде Олехла оның жағына бір рет те қарамады, көз түйістіруден әдейі қашқақтағаны анық байқалды.

Кейін жаттықтырушы өз әрекетін әйелінің ықтимал реакциясымен түсіндірді:

«Ол маған оларға қарауға тыйым салады. Үйде мені әйелім күтіп отыр», — деп түсіндірді жаттықтырушы.


Daily Star мәліметінше, Сабина чехиялық команданың негізгі тұлғаларынан сұхбат ала бастағанына көп болған жоқ. Ол клубқа өткен жазда жұмысқа қабылданған.

«Клуб басшылығы маған тікелей хабарласып, ұсыныс жасады. Шынымды айтсам, бір жағынан қуансам, екінші жағынан таңғалдым. Біраз уақыт ойландым, соңында: неге байқап көрмеске? — дедім. Бірақ тәжірибем болмады, сондықтан бәрін жұмыс барысында үйрендім.

Шын мәнінде, мен жаңа нәрселерді біліп, жаңа тәжірибе жинағанды және үнемі дамып отырғанды ұнатамын. Сонымен қатар, мұның бәрі өте табиғи жүріп жатыр. Клубтың қалай жұмыс істейтінін де іс барысында танып келемін.

Әрине, менің де өз шекарам бар. Ең алдымен өзімді табиғи әрі жайлы сезінгім келеді. Киім мәселесіне де, біз талқылайтын тақырыптарға да байыппен қарауға тырысамын. Алайда бір нәрсе шектен асып кетсе, бұл туралы міндетті түрде айтамын», — деді Яшкова.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie