locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресми: Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегінің күні жарияланды

Қазақстандық боксшы датчандық Якоб Банкке қарсы 23 қаңтарда рингке шығады
ФОТО: instagram.com/primetimeboxingdk

Даниялық Primetime Boxing промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) датчандық Якоб Банкке (20-0, 11 КО) қарсы жекпе-жегін ресми түрде растады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қарсыластар 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында рингке шығады. Бұл жекпе-жекте WBO нұсқасы бойынша суперорта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Бұған дейін WBO боксшылар командаларына жекпе-жекті өткізу жөнінде келісу үшін 7 қазанға дейін уақыт берген болатын.

Еске сала кетейік, суперорта салмақтағы WBO белбеуі британдық Хамза Шираз Әлімханұлына қарсы титулын қорғаудан бас тартып, чемпиондық белбеуді босатқаннан кейін вакантты болып қалған еді.

Әлімханұлы сол кезде екінші орта салмақтағы WBO титулын иеленген Ширазбен жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөз жүргізуге тырысты. Алайда тараптар ортақ келісімге келе алмады. Осыдан кейін британдық боксшы чемпиондық белбеуден бас тартты.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек UFC басшысы Дана Уайт жетекшілерінің бірі болып табылатын Zuffa Boxing компаниясына орта салмақтағы WBC әлем чемпионы Карлос Адаместің ауысуына пікір білдірген.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie