«Краснодарды» жеңгеннен кейін: Алип «Зениттің» өтініміне енбеді
Санкт-Петербургтің «Зениті» Ресей кубогі РПЛ жолындағы топтық кезеңнің төртінші турында махачкалалық «Динамомен» өтетін матчқа Нұралы Әліпті өтінімге қоспады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық қорғаушы негізгі құрамда да, қосалқы ойыншылар тізімінде де жоқ. Осылайша, ол махачкалалық командаға қарсы кездесуге қатыса алмайды.
Алайда петербургтік клубтың алдыңғы матчында Әліп алаңға алғашқы минуттардан бастап шыққан еді. 10 қазанда қорғаушы Ресей Премьер-лигасының оныншы турында «Краснодарға» қарсы кездесуде негізгі құрамда ойнады. «Зенит» 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Төрт күннен кейін қазақстандық футболшы кубок ойынына өтінімнен тыс қалды. Оның құрамға енбеу себебі туралы хабарламада нақты ақпарат берілмеген.
Махачкалалық «Динамо» мен «Зенит» арасындағы кездесу 14 қазанда Каспийскідегі «Анжи Аренада» өтіп жатыр. Матч Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады.