«Реал» УЕФА-дан «Барселонаны» титулдарынан айыруды талап етуде: мәселе неде?
Президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Флорентино Перес енді өзекті мәселелерге назар аудара алады, ал «Негрейра ісі» — солардың бірі. Бұл тергеу қазірдің өзінде УЕФА қарауына өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Diario As басылымының хабарлауынша, «Негрейра ісі» «Реал» президенті үшін негізгі тақырып болып қалып отыр, ол «Барселонаның» бұл дауға байланысты қатаң жаза алуын қалайды. Мадридте мұндай шешімді тек УЕФА ғана шығара алады деп есептейді, сондықтан шағым осы ұйымның бас кеңсесіне жолданды.
- Сондай-ақ оқыңыз: Не?! Перес сайлаудағы жеңістен кейін «Реалдың» акцияларын сатқысы келеді
Ол қандай жаза болуы керек? «Реалға» тек еурокубоктардан шеттету аздық етеді. Олар «Барселонаның» 2003 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықтағы барлық титулдарынан айырылуын, бұл атақтарды клубтың ресми тарихынан алып тастауды талап етіп отыр.
Ресми түрде УЕФА бұл істі әлі тоқтатпаған, тек уақытша ғана кідіріс жариялады. Дегенмен, Еуропалық футболдың басты органы қандай шешім қабылдайды? Бұл сұраққа тек уақыт жауап береді.
Еске салсақ, «Реал» «Барселонаны» төрешілерге ықпал ету үшін төрешілер кураторы Энрикес Негрейраны пайдаланды деп айыптап отыр. Перес басқаратын клубтың мәлімдеуінше, каталондықтар ол үшін қомақты қаржы төлеген. Ал «блауграна» тарапынан бұл айыптаулар түгелдей жоққа шығарылуда.